Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды

Поделиться:

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оның туыстары хабар-ошарсыз кеткенін айтып, құзырлы органдарға хабарласқан. Артынша кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

“Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді”, – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Еске салайық, Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9-сыныптың оқушысы көз жұмғанын жазған едік. Марқұмның анасы “жоғары сыныпта оқитын балалар ұлымды ұрып-соғып, әлімжеттік көрсеткен” дейді. Алған ауыр жарақаттан жасөспірім ауруханаға жетпей жан тапсырған. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады. Күдікті ретінде 10-сыныптың екі оқушысы қамауға алынған.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также