Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданған.
Бұл жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр.
«Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды. 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды», — делінген хабарламада.
Мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жеткен.
Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған, деп сендірді үкімет.