Жеке кәсіпкерлікті тіркеген кезде жиі жіберілетін қателер: Не білу керек?

2024-05-23 14:30:54

 

Жеке кәсіпті тіркеу жолдары

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін салық органына жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберсеңіз болғаны. Хабарламаны бірнеше жолмен жіберуге болады:

Мәселен, ЦентрКредит Банкте бірнеше қадамнан кейін-ақ жеке кәсіпкер бола аласыз. Алдымен тіркелесіз: телефон нөмір, электронды поштамен мен ЖСН енгізесіз. Кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін банктен бірден шот ашуға болады. Яғни ол үшін артық әрекет жасаудың қажеті жоқ. Осыдан кейін өзіңіздің аймақтағы сіздің салаға жауап беретін салық органын таңдайсыз.
Мысалы, Павлодар облысы Ақтоғай ауданынан кәсіп ашып отырсаңыз, осы ауданның Мемлекеттік кірістер комитетін таңдауыңыз керек. Осыдан кейін компания туралы мәліметтерді толтырасыз. Салық төлеу режимін таңдайсыз. Қол қоясыз. Банк сіздің сұрауыңызды өңдеп, сіз тапсыруға тиіс құжаттарды өзі жинайды. Құжаттар жиналып, тексеру аяқталғаннан кейін бірнеше минут ішінде Жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы құжатыңыз дайын болады.

Айта кетейік, банк сізді жеке кәсіпкер ретінде тіркегені үшін ешқандай комиссия алмайды. 1 жұмыс күні ішінде сізге салық органынан жауап келеді де, сіз бастапқыда айтқан 1,72 миллион кәсіпкердің біріне айналасыз.

Finprom.kz ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде жеке кәсіп ашатын адамдардың саны күрт өскен. Яғни жеке кәсіп ретінде тіркелгендер саны – 42,7% өсіп, оның ішінде белсенді түрде кәсіппен айналысып жүргендер саны – 62,7% болған. Жеке кәсіпкерлердің саны артқан сайын оларға қойылатын талап та күшейіп келеді. Биылдан бастап кәсіпкерлер өз кірістері туралы декларация тапсыруы керек. Сонымен жеке кәсіпкер ретінде тіркеле отырып, қандай құқықтар мен міндеттерді білу керек. Енді кәсіп ашқан кезде көбіне қандай қателіктер кететіні туралы сөз қозғаймыз.

Кәсіпті қате тіркеу

Біріншіден, қазір кез келген мемлекеттік тіркеуді мобильді қосымша арқылы жасауға болады. Тура және ауыспалы мағынасында да үйде отырып, жеке кәсіпкер бола аласыз. Дегенмен кейде айыппұл төлеуге әкелетін қателіктер кетіп жатады. Әдетте, кәсіпкер өз кәсібінің бағытын дұрыс таңдамайды. Ал әр кәсіптің өзіндік салық ережесі бар екендігін ескерсек, ол басқа салық төлеп жүретін болады. Бірақ салық органдары тексеру кезінде кәсіпкердің жіберген қателігін көріп, оған режимнің қате екендігі туралы хабарлама жібереді. Яғни хабарлама келгенге дейін жасалған есеп пен салықтың бірде бірі есепке алынбайды да, оны қайта реттеуге тура келеді.

Айта кетейік, елімізде есепті бұрыс салық режимімен жасау немесе салық режимін өзгерту – заң бұзушылық. Демек кәсіпті тіркеу кезінде, болашақ кәсібіңіздің салық режимін тексеріп, керек болса мамандармен ақылдасқан дұрыс.

Шот ашу

Табысты дұрыс қолдана білу үшін бірінші кезекте шот ашу қажет. Бұл бизнесіңізді заңды жүргізудің бастапқы міндеті деуге болады. Оны банк бөлімшесіне барып не сайты арқылы жылдам аша аласыз.

Шот ашу да кәсіпті тіркеу секілді онлайн режимде жүзеге асырылады. Мәселен, ЦентрКредит Банкінен шот ашу үшін бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Барлығын банктің сайтында жасауға болады. Оған қосымша құжат тіркеудің де қажеті жоқ. Сонымен, бірінші ЦентрКредит Банк сайтына кіресіз, өзіңіз туралы қысқа ақпаратты, телефон нөмірмен ЖСН тересіз. ЭЦҚ-кілті немесе телефондағы камераны қосып, бейне сәйкестендіру арқылы, жеке басыңызды растап, қол қоясыз. Банк бірер минут сізге қатысты ақпаратты тексереді. Шот ашылған соң сіз заңды түрде, өз есебін жүргізетін, салық төлейтін кәсіпкерге айналасыз.

Айта кетейік, кәсіп үшін шот ашу өте тиімді. Себебі банктер кәсіпкерлерге арнайы бонустар мен жеңілдетілген тарифтерді ұсынады. Мысалы, ЦентрКредит Банктен шотыңызға байланатын #business картасымен, бизнеске 250 млн теңгеге дейін несие алып, комиссиясы бар болғаны 0,8% басталатын POS-терминал қолдана аласыз. Бұл сіздің есеп беруіңізді жеңілдетеді.

Есеп демекші, банк кәсіпке ашылған шоттар үшін онлайн-бухгалтер қызметін ұсынады.

Егер ЦентрКредит Банктен дәл қазір шағын бизнес үшін шот ашсаңыз, екі ай бойы тегін қолдануға болады. Банкомат арқылы ақша алу,  #business корпоративтік картасын ашу, шотқа қызмет көрсету үшін комиссия ұсталмайды. Банктен шағын, орта және ірі бизнес үшін де карта ашуға болады.