Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды. Ол 15 сағат комада жатқан. Алған сараптамалар оның бұрын да зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көрсеткен.
«Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген»,- делінген хабарламада.
Ведомство хабарлағандай, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.