Балаларды қолдау орталығы нанды 354 теңгеден сатып алып отырған

2024-05-21 08:30:05

Не болды

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.

Сондай-ақ ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын — 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

Толығырақ

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

Сондай-ақ Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшасы жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.