Экспериментке қатысуға қолы мен аяғы сал болып, қалыпты қозғалыс қызметін жоғалтқан адам шақырылады. Кәсіпкердің өзі де экспериментке екінші ерікті іздейтінін хабарлады.
«Біздің «Телепатия» кибернетикалық ми имплантамыз телефон мен компьютерді ойларыңыздың күшімен басқаруға мүмкіндік береді», — деп жазды кәсіпкер X әлеуметтік желісінде Neuralink хабарламасына репост жасап.
Маск бірінші адамға жасалған нейрочип имплантациясы туралы айтты
Neuralink 2016 жылдан бері жұмыс істейді және 2019 жылы Bluetooth арқылы ми сигналдарын жіберуге қабілетті құрылғысын таныстырды. 2021 жылы ғалымдар чипті жануарға орнатып көру сынағын сәтті аяқтады.
2023 жылдың қыркүйегінде компания имплантты сынау үшін экспериментке қатысушылар тарта бастады. Neuralink чиптің қауіпсіздігін және құрылғыны орнату үшін қолданылатын хирургиялық робот жұмысын сынап көргісі келді. Имплант 29 жастағы сал ауруына шалдыққан Ноланд Арбоға қондырылды. Жас жігіт чиптің көмегімен әкесімен ойын ойнап, Х желісінде жеке блогын ашты.
Бұған дейін Neuralink компаниясының миына нейрочип орнатылған алғашқы адамның жетістігімен бөліскенін хабарлаған едік.