«Бір тракторды әкелу құны 7 млн теңге»: Сенатор утиль алымын алып тастау туралы мәселе көтерді

2024-05-16 14:30:59

Депутаттың айтуынша, жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін кәдеге жарату алымының мөлшері тым жоғары. Соның кесірінен шаруалар техниканы жаңартпай, ескірген тракторлар мен комбайндарды пайдалануға және үнемі жөндеуге мәжбүр.

«2024 жылғы жағдай бойынша утиль алымының көлемі бір трактор үшін 370 000-нан 7 380 000 теңге, ал бір комбайн үшін 1 600 000-нан 8 300 000 теңге аралығын құрайды. Оны төлеуге шамасы келмеген орта және шағын шаруашылықтар жаңа техника алуды қойды. Ескі техникамен егіс егеді, ескі комбайнмен астық жинайды. Жарамсыз техниканы қосалқы бөлшекке пайдаланады, ал қалған қаңқасын металлоломға өткізіп күн көреді. Техниканы алып жатқан да, кәдеге жаратып, жойып жатқан да шаруалардың өздері. Сонда негізгі оператор болып, қаржы жинап отырған «Жасыл даму» мекемесінің үлесі неде? Жаңа техника үшін ескірмей жатып, кәдеге жарату төлемін алу ешқандай логикаға сыймайтын нәрсе емес пе?», — дейді Бектаев депутаттық сауалында.

Сенатор техника шығаратын кәсіпорындардан алдын ала алымын төлеттіріп, артынан субсидия ретінде қайтарып беру тәсілін де түсінбей отыр.

«Мемлекеттің бір қалтасынан алып, екінші қалтасына салғанның орнына экологиялық міндеттемелерді толық кәсіпорындардың өздеріне жүктеп,  утиль алымынан босатуға болмай ма? Жалпы, ауылшаруашылығы техникалары үшін кәдеге жарату алымын алып тастаса, мемлекет ұтпаса ұтылмайды деп ойлаймыз», — деді депутат.

Оның айтуынша, еліміздегі ауыл шаруалары пайдаланып жүрген ауыл шаруашылығы техникасының 76%-ының тозығы жеткен. Норматив бойынша әр мың гектарға 5 трактор мен 3 комбайнның қажеттігін ескерсек, қазіргі кезде егіс алаңдарына 65 мың трактор, 43 мың комбайн жетіспейді.

«Ал ауыл шаруашылығы техникалары жыл сайын 4,5 % ғана жаңарады. Олай болса, тек жетіспейтін тракторлар мен комбайндардың орнын толтыру үшін 14-15 жыл керек болады», — деп мәлімдеді Бектаев.

 

Последние новости

16.05.2024
«Бишімбаевтың жазасына қоғам әсер еткен жоқ» — прокурор Саяхат Нұрбековпен сұхбат
16.05.2024
ҰБТ: мектеп түлектері грантта оқу үшін қанша бал алуы керек
16.05.2024
Қарағандыда полиция көлігі жантүршігерлік жол апатына ұшырады
16.05.2024
«Ауғанстанға баса мән беруіміз керек». Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
16.05.2024
Бүгін сағат 16.00-де тікелей эфирде грант таратылады
16.05.2024
Бишімбаев түрмеде ауырып қалса, мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе
16.05.2024
«Қарғыс атқан үй»: Қазақстандықтар Бишімбаев тұрған үйге байкот жариялап жатыр
16.05.2024
Тәрбиеші балаларды тұншықтырып, ұрған: Жетісу облысында балабақшада болған сұмдықты көрген ата-аналар есінен танып қалған