ҰБТ: мектеп түлектері грантта оқу үшін қанша бал алуы керек

2024-05-16 14:30:59

Министр не дейді

Саясат Нұрбек мектеп бітіретін оқушылар грантқа түсу үшін шекті бал қанша болатынын айтты.

– «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 бал, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 бал, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 бал (ұлттық жоо үшін); ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 бал, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 бал жинау керектігін еске салды, – дейді ол.

Министрдің айтуынша, жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланған. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Соның ішінде бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

– Осы аптада еліміздің батыс өңірінде талапкерлер үшін ең ауқымды көрме өткендігіне куәсіздер. Ол үшін Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жол карталарын бекіттік», — дейді Саясат Нұрбек.

Қандай бағыттар көбейеді

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

2024-2025 оқу жылына  аталмыш облыс талапкерлері үшін 3 200 грант бөлінген. Негізгі жаңашыл басымдықтары педагогикалық, өнер және гуманитарлық, IT, әлеуметтік, экономикалық, құқық, инженерлік сынды дайындық бағыттарының тізбесі кеңейтілген. Сонымен қатар қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша колледж түлектеріне гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылған. Осылайша, Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 40-тан астам жетекші жоғары оқу орындарында білім ала алады.

 

Последние новости

16.05.2024
Қарағандыда полиция көлігі жантүршігерлік жол апатына ұшырады
16.05.2024
«Ауғанстанға баса мән беруіміз керек». Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
16.05.2024
Бүгін сағат 16.00-де тікелей эфирде грант таратылады
16.05.2024
Бишімбаев түрмеде ауырып қалса, мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе
16.05.2024
«Қарғыс атқан үй»: Қазақстандықтар Бишімбаев тұрған үйге байкот жариялап жатыр
16.05.2024
Тәрбиеші балаларды тұншықтырып, ұрған: Жетісу облысында балабақшада болған сұмдықты көрген ата-аналар есінен танып қалған
16.05.2024
Намаз бен діни рәсімдер Ханифа мәзһабы бойынша орындалады — ҚМДБ
16.05.2024
Шымкентте қолданысқа берілгеніне екі жыл да болмаған тұрғын үйдің тоз-тозы шыққан