Қазақстанда 800 мың бала қауіпті аурулардан егілмеген

2024-05-13 16:33:47

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойды.

«Ұлттық егу күнтізбесі аясында уақытында екпе салынбай қалған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға үкімет резервінен 5 832 377 600 теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдауға сәйкес Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала анықталды. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы толықтыра иммундау жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Бұл ақшаға өңір әкімдіктері 747 720 доза вакцина мен 542 592 бірлік шприц сатып алуға тиіс. Ал Шығыс Қазақстан облысында балаларды қолда бар екпе есебінен вакциналау жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Соңғы 2 айда ауырғандар саны 32%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау аясында шамамен 1,3 млн адам екпе алды, бұл вакцина алуға жататын халықтың 91%-ын құрайды.

Десе де вакцинамен басқарылатын басқа да инфекцияларды жұқтыру жағдайлары артқаны байқалады. Мәселен, былтыр көкжөтел бойынша кері динамика тіркелді, науқастардың 91%-ы – екпе алмаған балалар. Сондай-ақ қызамық, эпидемиялық паротит және А вирусты гепатитімен ауырғандар саны да өскен.

Олжас Бектенов халық арасында қауіпті инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге иммундауды уақытылы жүргізу мәселесін және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

 

Последние новости

13.05.2024
TikTok объявил победителей конкурса коротких видеофильмов Казахстана
13.05.2024
Ученый из Казахстана принял участие в 1-ом Армяно-Итальянском международном конгрессе стоматологов
13.05.2024
«Күйеу жігітке қамшы өргізсін»: Тойда қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыға түсті
13.05.2024
Қазақстанда бензин сатылымы шектеледі
13.05.2024
«Семей орманы» резерватындағы 14 адамның қазасы: Кінәлілерге сот үкімі шықты
13.05.2024
Сәкен Мамаш туыстарына миллиондап ақша аударатын – Карина Мамаш
13.05.2024
Қазақстандағы су тасқыны: мемлекет үй салуға жұмыссыз азаматтарды шақырып жатыр
13.05.2024
«Пенсияға дайындалып жатырмын»: Мақпал Жүнісова жастық шағынан сыр шертіп, бұрын-соңды жарияланбаған фотоларын көрсетті