«Күйеу жігітке қамшы өргізсін»: Тойда қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыға түсті

Поделиться:

Бүгінде әртүрлі көрініс көрсету тойдағы трендке айналған.

Үйлену тойында жаңа түскен келін қалыңдық көйлегімен тойхана ортасында бауырсақ пісірді. Жастар ата-аналарына әдетте тәтті тортан ауыз тиюге беретін. Ерекше тойда қалыңдық бауырсақты дүйім жұрттың көзінше пісіріп екі жақтың ата-анасына ұсынған. Жаңа бастаманы желі қолданушылары түрліше қабылдаған.

“Жаңа түскен келін ата-енесіне бауырсақ пісіріп беретін болады. Жаным, келген жеріңе майдай жақ”, – деп батасын береді той тізгіндеген әйел.

Желі қолданушылары той иелерінің ойлап тапқан трендтеріне наразы болып түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі «дұрыс,ерекше, әдемі»десе екіншілері «той үстінде май сасытып пісіртпей-ақ қойған дұрыс» деген ойды алдыға тартты.

“Ішек-қарын тазалатсын енді”, “Бояушы бояушы дегенге артық кетіпті”, “Ешқандай да салт-дәстүрімізді көріп тұрғаным жоқ”, “Күйеу жігітке қамшы өргізсін”, “Көйлегі бүлінетін болды”, – деп негатив пікір жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, желіде ер адамды бесікке жатқызған видео көпшіліктің ашуын туғызған еді.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также