ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады. Тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туған.