Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) бару кезінде мынадай кеңес береді:
Айта кетейік, өткен аптада «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели – Алматы бағыты бойынша ұшатын бортынан тырысқақ ауруына шалдыққан жолаушы анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қырғызстан азаматшасы Делиден Алматы арқылы үйіне бара жатқан. Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары дер кезінде әйелді медициналық тексеруден өткізді. Тест нәтижелеріне сәйкес әйелге тырысқақ диагнозы қойылды.
Министрлік мәліметінше, эпидемиологиялық қызметтердің инфекция ошағын уақтылы анықтауы және оқшаулауы ел ішінде тырысқақтың таралуының алдын алды.
Тырысқақ (холера) – Vibrio cholerae түрінің бактерияларынан туындайтын аса қауіпті ішек инфекциясы. Дененің тез сусыздануы гиповолемиялық шок пен өлімге әкеледі.