Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Су тасқыны: Қазақстанда азық-түлік бағасы көтеріліп кеткен

Поделиться:

Не болды

Министрліктің мәліметінше, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 46 әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде алтауы айыппұл және 40 ескерту. Ақтөбе және Атырау облыстарындағы жағдайға ерекше назар аударылды, онда негізгі азық-түлік тауарлары, оның ішінде күнбағыс майы, жұмыртқа, қарақұмық, сәбіз, картоп, қырыққабат және қант бойынша тауарлық үстеме бағаны асырып жіберген бөлшек сауда кәсіпорындары жауапкершілікке тартылды.

Ведомство сондай-ақ азаматтарға бағаның негізсіз көтерілу фактілерін анықтаған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 сенім телефоны арқылы хабарлауға болатынын ескертті. Сонымен қатар министрлік қоғамдық бірлестіктерді баға белгілеу мониторингі үдерісіне белсендірек қатысуға және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін кәсіпкерлер арасында ағарту жұмыстарын жүргізуге шақырады.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также