«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департамертінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

«Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Көрінетін жану ошақтары жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады. Қазіргі уақытта 22 адамның денесі табылды, 24 кенші іздестірілуде», — делінген хабарламада.