«Бүгін таңертең Костенко шахтасында болған апат туралы хабардан кейін «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің бастан кешкен мұңы мен қайғысын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл – әріптестердің отбасы үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы. Шахтада құтқару жұмыстары жалғасуда, 25 шахтер әлі табылған жоқ, 21-інің қаза тапқаны расталды. Жақындарынан айырылғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Барлық зардап шеккен қызметкерлер кешенді күтім мен оңалту көмегін алады. Біздің күш-жігеріміз дәл осыған, сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған», — делінген көңіл айту хабарламасында.
Айта кетейік, Костенко шахтасындағы апаттан 21 адам қаза тапты. Әлі 25 кенші шахта астында. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Комментарии