«252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді.  Шахта астында 23 шахтер қалады. 21 шахтердің денесі табылды.  Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.