Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

Поделиться:

Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін атыс қаруымен қорқытқан бейне тараған.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан.

Осы жылдың 22 қыркүйегінде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

29 қыркүйекте күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также