Дулыға Ақмолданы мерекесімен құттықтаған студенттері пранк жасады (видео)

Поделиться:

Танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолданы мұғалімдер мерекесімен құттықтаған студенттері таңқалдырды. Студенттер пранк жасап, бірі оқытушысының алдында өтірік талып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер мен студенттерінің видеосы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясынан ашылған Дулыға Ақмолданың шеберханасының Instagram парақшасында жарияланды.

Желіге тараған видеодан оқытушысының алдында келген студенттердің біреуі құттықтауға шамасы келмей, есінен танып құлағанын көруге болады. Мұндайды күтпеген Дулыға Ақмолда шошып кетеді. Сәлден соң есінен танған студен өзі орнынан тұрып кетеді. Ал студенттер гүл мен торт әкеліп, актерді кәсіби мерекемен құттықтайды.

«Мені сендіру негізі оңай нәрсе емес. Бірақ осы жолы шошып кеттім. Аяқ астынан аузыма сөз түспей қалды», — дейді актер видеода.

⠀ Желіде оқырмандары Дулыға Ақмолданың жақсы ұстаз екенін жазды. ⠀ «Демек, жақсы ұстаз, актерлікке шәкірттерін жақсы үйреткен», «Керемет құттықтау», «Ұстаздан шәкірт озады», «Өте тамаша ағай екен», «Шошып кеттім», «Дулыға Оскар сыйлығына лайық актер ғой», — деді желідегілер.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также