Алматыда адам ұрлап, ақша бопсалағандар қолға түсті

Поделиться:

40 жастағы алматылық қылмыскерлердің құрбаны болды. Оны Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен.

«Ұрланған азаматтың әйелі полицияға арызбен жүгінген. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді. Бұл күдіктілердің жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған болып шықты. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққандықтан, оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также