Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Поделиться:

Синоптиктер 3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал ететіндіктен,  жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің батысы, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік сақталады, Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также