Ақмола облысында ер адам әріптесін өлтіріп, мәйітті бетонмен тегістеп тастаған

Поделиться:

Ақмола облысында ер адам бес жыл бұрын әріптесін өлтіріп, мәйітті салынып жатқан үйдің қабырғасына қойып, үстіне бетон құйып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 3 қыркүйекте Атбасар қаласының 53 жастағы тұрғыны полицияға келіп, 2017 жылдың шілдесінде Талапкер ауылында 49 жастағы ер адамды өлтіргенін мойындаған.

«Ол бірге жұмыс істеген әріптесін өлтіріп, оның денесін өздері салып жатқан үйдің ішінде бетондап тастаған. Ер адам танысын өзге келіп қалғандықтан өлтіргенін айтып, мәйіттің жатқан жерін көрсетті. Тергеу барысында марқұмның сүйегі табылды», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ведомствода атап өткендей, оқиға орнынан заттай айғақ – зілбалға тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также