Нұр-Сұлтанда 4-қабаттағы терезеге шығып алған балалар құтқарылды

Поделиться:

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері көпқабатты пәтерде қараусыз қалған екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 6 қыркүйекте сағат 20:29 шамасында Молдағұлова көшесіндегі үйдің тұрғындарынан екі баланың 4-қабаттағы ашық терезеден сыртқа қарап тұрғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына дереу жеткен Ринат Мұхамеджанов пен Таскен Сәкен пәтер есігінен кірмек болды. Алайда есік жабық болғандықтан, пәтерге бірден бесінші қабаттың терезесі арқылы кіруді ұйғарады. Патрульдердің бірі беліне арқан байлап, терезеден төменгі қабатқа түсе бастайды, екіншісі серіктесіне көмектесіп тұрады. Полицейлер пәтерге терезеден кіргенде, онда 3 және 1 жастағы екі бала ересектердің қарауынсыз отырғанын көреді», — делінген хабарламада.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен балаларды қараусыз қалдырып кетудің салдары туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также