Алматы облысының тәртіп сақшылары жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды

Поделиться:

Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық ПБ ППР қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды.

«Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16 шақырымында болды. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер тәртіп сақшыларының арқасында қайғылы оқиғаның алды алынғанын хабарлады. Жаңа туған нәрестенің ата-аналары өз кезегінде полицейлерге жеделдік пен көмек үшін алғыс білдірді.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также