Қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау бойынша жұмыс өз жалғастығын табуда. Қылмыскерлердің қолынан және жасырулы орындардан 828 қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі және 286 арнайы заттар тәркіленді, - деді брифингіде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Ішкі істер органдарының тергеушілері арнайы прокурорлармен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау, қылмыс іздерінt түсу мен тәркілеу, сондай-ақ қажетті дәлелдемелер базасын жинау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл жұмысқа барлығы 200-ден астам тергеуші тартылған.
Ол қазіргі уақытта 760-тан астам автокөлікпен бірге, 1,5 мыңнан астам бүлінген нысандарды тексеру жұмыстары аяқталғанын еске салды.
Оның айтуынша, бүгіндері 1,7 мыңнан астам сот сараптамасы тағайындалған. Куәгерлер мен жәбірленушілер ретінде 10,5 мың адамнан жауап алынды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыскерлердің қолынан және жасырулы орындардан 828 қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі және 286 арнайы заттар тәркіленді. Сонымен қатар, 65 қару өз еркімен тапсырылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии