Алматы және Жамбыл облысы полиция департаменттерінің қызметкерлері қару-жарақ пен ғимараттарды қарсылықсыз тастап кетті.

"Өкінішке орай, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы, қару-жарақ пен оқ-дәрілер орналасқан Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарынан қызметкерлер қарсылық көрсетпей шығып кеткен деректер де болды", - деді Ризабек Ожаров.

Оның айтуынша, бүлікшілердің қолына бір жарым мыңнан астам қару түскен. Олардың ішінде гранатомет, пулемет, тапанша, граната бар.

"Ал бұл аңшылық дүкендерінен ұрланған қаруларды есептемегенде", - деді Арнайы прокуратураның басшысы.