Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында банктер ірі кәсіпкерлік субъектілерінің 876,6 миллиард теңге берешегін кешірді, - деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігі сайты.
ҚНРДА Банктерді реттеу департаментінің директоры Олжас Қизатовтың банк секторындағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді.
Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылдың басынан бері банк секторының негізгі қаржылық көрсеткіштері айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған.
"Жиынтық активтер 2022 жылдың басынан бері 859 миллиард теңгеге немесе 2,3 пайызға төмендеді, бұл негізінен РЕПО операциялары бойынша мәмілелерді өтеу есебінен болды. Несие портфелі 498 миллиард теңгеге немесе 2,5 пайызға азайды, бұл 478 миллиард теңгеге РЕПО мәмілелерін өтеумен байланысты болды", - деді Олжас Қизатов.
2021 жылы банк секторын төлемге қабілетсіз банктерден және тарихи жинақталған проблемалық кредиттерден қалпына келтіру аяқталды. Банк секторының активтері 2021 жылы 20,7 пайызға ұлғайып, 37,6 триллион теңге болған.
"Банктердің несие портфелі есепті жылы 28,0 пайызға ұлғайып, 20,2 триллион теңгені құрады. Несие портфелінің құрылымындағы 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL) үлесі жыл басынан 6,9 пайыздан 3,9 пайызға дейін төмендеді, бұл корпоративтік сектордың проблемалық берешегі көлемінің айтарлықтай есептен шығарылуына байланысты. Мәселен, Ұлттық банктің Кредиттік тіркелімінің деректері бойынша 2021 жылдың 11 айында ірі бизнестің 876,6 миллиард теңге сомасындағы берешегі есептен шығарылды", - деді ол.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы капиталдандыру көрсеткіштерінің, сондай-ақ өтімділік көрсеткіштерінің барынша тұрақты екендігін көрсетті, дейді маман.
"2021 жылдың қорытындысы банк секторы қызметінің тиімділігін көрсетті. Банктердің таза пайдасы 78 пайызға өсіп, 1,3 триллион теңге болды", - дейді Қизатов.
Қизатовтың айтуынша, депозиттік база 2021 жылы 21 пайызға немесе 4,5 триллион теңгеге ұлғайып, 26 триллион теңге болған. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері - 12,6 триллион теңге, жеке тұлғалардың депозиттері - 13,4 триллион теңге.
Бұл ретте банк секторының міндеттемелеріндегі депозиттік базаның үлесі 78,6 пайыздан 79,8 пайызға дейін өсті. Міндеттемелер бөлігінде 507 миллиард теңгеге РЕПО мәмілелері өтелген.
"Банк секторын капиталдандырудың оң серпіні бар. 2022 жылдың басынан бері банктердің меншікті капиталы 120 миллиард теңгеге (2.7 пайызға) өсіп, 4,7 триллион теңге болды", - дейді маман.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии