Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілі қар көшкін болуы мүмкін екен ескертті.
"Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар жамылғысы тұрақсыздығынан 7 ақпанда қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тік қарлы беткейлерге шығуға болмайды", - деді қалалық ТЖД өкілі.
Ведомствода азаматтарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және ауа райы жақсарғанға дейін тауға шығудан бас тарту ұсынылды.
Сонымен қатар, 7 ақпанда Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии