Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.
"Бүгінгі күні қамауға алынғандар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі бар. Мысалы, Алматыда деструктивті діни ағымның қылмыстық бағыттағы бір топ мүшесі ұсталды. Ұстау кезінде қолдануға дайын атыс қаруы табылды. Олар өз әрекеттерін жақсылап жоспарлаған. Бір бөлігі қаланың төменгі бөлігіндегі баррикадаларда, ал екіншісі алаңда болған", - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии