Заңсыз темекінің құны бойынша көлеңкелі айналымдағы үлесі зор, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, сарапшылардың әртүрлі деректері бойынша, мемлекеттерге жыл сайын контрафактілі темекі саудасынан төленбеген салықтар түрінде 35-тен 40 миллиард долларға дейін залал келтіріледі.
Қаржылық мониторинг Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері шетелге акциздік маркалары жоқ темекі бар автокөлікті заңсыз шетелге шығару кезінде ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылы жеке кәсіпкер А.Махмудов Алматы қаласында 319 мың қорап акцизсіз темекі сатып алған.
Ол темекі өнімдерін автокөлікке тиеп, Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресей Федерациясына жіберген.
Сонымен қатар, заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында ол акциздік маркалары бар 24 мың қорап темекіні сатып алып, оларды автокөліктерге салған.
А.Махмудовқа 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Акцизделмейтін темекі өнімдері жойылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии