1 қарашада әлеуметтік желілерде бір жігіттің Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтінің басқару панелін бұзғаны түсірілген видео тараған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлгі бұзық кісі түймелер мен монитор тұратын панельді аяғымен теуіп, қолымен ұрып сындырды. Полиция қызметкерлері бұзақылық жасаған азаматтың кім екенін біліп, оны тауып алды.



Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов атап өткендей, ол 1978 жылы туған Т.Ж. Жүнісов деген біздің отандасымыз екен.

Оның іс-әрекетінде Кодекстің 434-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған. Мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске саламын, - деп жазды Әбдірахманов.

"Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша, 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген.