Қарағандыда ер адам тапаншадан ЖШС директорына оқ атқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қазанда сауда кәсіпорындарының бірінде қақтығыс барысында қару қолданылды.

Оқиға орнына келген полицейлер кәсіпорында ЖШС-тің 30 жастағы директоры мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал барысында қылмыскер басшысына "Оса" травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жәбірленуші оқ жарақатымен ауруханаға жатқызудан бас тартып, медициналық мекемеге жүгінді.

Қылмыс "ізін суытпай" 29 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді, - делінген ақпаратта.
ҚР ҚК 287-бабы "Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.