Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғаларының мониторингтік топ мүшелерінің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін күдікке ілінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, COVID-19-бен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамағаны үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.
Сондай-ақ, пара берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.
Алматы облысында лауазымды тұлғалар кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}