Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Дәрігерлер анасы босанып жатқанда ішіндегі нәрестеге ота жасады

Поделиться:
Свердлов облысы үкіметінің ресми сайты Ресейде дәрігерлер аяғы ауыр келіншекке кесар тілігі жасалған сәтте оның нәрестесіне де ота жасап, өмірін сақтап қалды деп жазады "Доктор Питер".


Свердлов облысы Балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері мұндай күрделі отаны бірінші рет жасап отыр. Кесар тілігін жасау кезінде келіншектің нәрестесіне де ота жасау - өте сирек кездесетін отаның түрі. Ота кезінде баланы анасының құрсағынан жартылай ғана шығарады, кіндігін кеспейді.

Осылайша, сәби жолдасының арқасында оттегімен қамтамасыз етіліп, дәрігерлер сол арада нәрестенің тыныс алу жолдарына ота жасай алады.

"Бұл жағдайда біздің кішкентай пациентті құтқарудың жалғыз жолы болы", - дейді Свердлов облысының №1 облыстық балалар клиникасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің басшысы Марк Пруткин.

Сәбиге 30-апталығында ота жасалып отыр, оның салмағы небәрі 1700 грамм.

"Анасындағы патология жүктіліктің сәтті өтуіне мүмкіндік бермеді. Бірақ жақсы үйлестірілген жұмыстың арқасында біз нәрестесіне көмектесе алдық", - дейді бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Юрий Баранов.

Дәрігерлер нәрестенің кіндігін кеспей тұрып, оған тыныс алуға мүмкіндік беретін арнайы түтікше - тыныс алу жолының жоғарғы протезін қойған. Осыдан кейін кіндігі кесіліп, ол аман-есен дүниеге келген.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также