Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Тамыз айында да аптап ыстық. Үш күнге арналған ауа-райы болжамы

Поделиться:
Синоптиктер 31 шілде мен 2 тамызға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан еліміздің батыс бөлігінің жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен бұл өңірде жауын-шашынсыз ауа-райы орнайды және сынап бағаны 33-38, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Алайда, республикамыздың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел екпіні 25 м/с құрайды, шаңды дауыл болады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін көтерілетін болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также