Мәскеу ауданы қоқысқа толды. Аудан тұрғындары жаз басталғалы үй алдындағы жинап қойған қоқыс қалталарын ешқандай компанияның алмай отырғанын айтып шағынды. Жұртшылық бұрын бұл жұмыстармен "Таза қала" мекемесі айналысқанын айтады. Иманов, Білтабанов көшелеріндегі қоқыс контейнерлерден сыртқа төгіліп жатыр. Күн жылына жағымсыз иіс те шыға бастаған. Иманов көшесімен қосалқы орналасқан көшелерде де осындай жағдай. Тіпті Білтабанов көшесі тұрғындарының айтуынша, ол жаққа қоқыс жинаушы көліктер келуді ұмытыпты. Амалдары таусылған жұртшылық қара қалталарын көтеріп осы Иманов көшесінің контейнеріне келіп салатын болыпты. Тұрғындар қазір смартфон арқылы келетін түбіртек бойынша  уақытылы ақшаларын аударып отыр. Ай сайын қоқыс үшін төлемді төлеп отырмыз, бірақ, соған сай тазалық болса деп жанайқайларын жеткізді. Бұл мәселеден  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабардар болып шықты. Яғни Мәскеу ауданы бойынша қоқыс шығарумен "Нео+" ЖШС-гі айналысып жатыр. Мекеме кезең-кезеңімен ауданды тұрмыстық емес қалдықтардан да тазартатын болады. Толықтай тазалау жұмыстары қызметкерлердің үлгеруіне байланысты басталады. Қанша уақытқа дейін созылатынын жауапты мамандар дөп басып айта алмады.


Сайт телеканала  http://www.rikatv.kz/

Twitter  https://twitter.com/rika_kz

Вконтакте https://vk.com/rikatv