Коронавирус пандемиясына қатысты экономикалық дағдарыс елде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан көп қатарлы тұрғын үйлер бағасына еш әсер еткен жоқ. Бір бөлмелі пәтердің шаршы метрі бұрынғысынша 120 мың теңге. Екі және үш бөлмелі пәтерлердің әр шаршы метрі 130-135 мың теңгеден. Қалада үй кезегіне көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, жетім балалар мен тұрып жатқан үйі "апатты" деп танылған ақтөбеліктер тұра алады. Бүгінде осындай 24 мыңнан аса адам кезекте тұр. Соның ішінде кезегі келіп тұрған 300 адам осы жазда баспаналы болады. Кезекте тұрғандар сондай-ақ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы да несиеге пәтер ала алады. Ол үшін банк салымшысы болу қажет. "Бақытты отбасы" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына биыл кезекте тұрған 1000 адам өтініш берген. Соның 243-інің қазір төлем қабілеттері анықталып жатыр. Құжаттары өтсе, қолдарына сертификаттары беріледі. Бұл бағдарлама бойынша пәтер құнынан 10 пайыз алғашқы жарна төленеді. Несие 2 пайызбен беріледі.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter https://twitter.com/rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv
Комментарии