Оңдасын Оразалин: Қарғалы ауданында көпке үлгі болар істер көп
Дүйсенбі, 27 қаңтар күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданына арнайы іссапармен барып, аудан әкімінің дәстүрлі есеп беру жиынына қатысты.
Есеп беру жиынына аудан тұрғындары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылға алынған міндеттер туралы баяндама жасады.
Жиын барысында аймақ басшысы О.Оразалин аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға беріп, ауданның бұдан да зор жетістіктерге жететін әлеуеті мен мүмкіндіктері зор екенін атап өтті.
Өзінің есептік баяндамасында аудан әкімі А.Жүсібалиев соңғы жылдары аудан көлемінде дәстүрлі емес ауылшаруашылық өнімдерін өндіру бойынша жұмыс жасалып жатқанына кеңінен тоқталды.
Облыс әкімі О.Оразалин аудан әкімінің есебін мұқият тыңдап, залда отырған тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, өткен жылғы есептік кездесуде берілген тапсырмалардың орындалуына қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтып өтті. Жергілікті әкімдікке халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау бойынша нақты тапсырмалар берді.
- Бүгінгі күні елімізде қалыптасқан саяси тұрақтылық пен аймақ халқының бірлескен жұмысының, сабырлылық танытқанының жемісін көріп отырмыз. Өмір болған соң қордаланған мәселелер көп, барлығының бір күнде шешімін табу мүмкін де емес. Аудан көлемінде көптеген жұмыстар жасалды. Бұл аудан әкімдігі мен тұрғындардың бірлескен жұмысының нәтижесі деп білемін. Дегенмен нарық талабы күн сайын өзгеріп, жаңа ұсыныстарды алға тартып отыр. Ел жастары уақытпен есептеспей, нәтижелі жұмыс жасауға талпынуы қажет. Қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, ел ертеңіне аянбай қызмет етуіміз қажет,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар, аймақ басшысы аудан тұрғындарынан өзінің әлеуметтік желісіне келіп түскен бірқатар сұрақтарға тоқталып өтті. Аудан басшылығына аталған жұмыстардың орындалу барысын қадағалауды және шешімін тапқандығы жөнінде есеп беруді тапсырды.
- Көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті. Жыл бойы атқарылған жұмыстардың оң нәтижесін көру үшін нақты жоспармен жұмыс жасау қажет. Қарғалы ауданы табиғаты әсем, туризмді дамытуға өте қолайлы аймақ. Шетелдік инвесторлардан тыс жол бойындағы кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Жергілікті халықтың негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылық өнімдері. Осы бағытта нақты жоспарларды қолға алу қажет. Халқымызда ауласына қарап, азаматын танисың деген сөз бар. Азаматтарды аянбай еңбек етуге, өз ауламыз бен туған жерімізді күтіп, баптап, ел сүйсінетін елге айналдыру өз қолымызда. Тек уақытында көмек бере білуіміз қажет, - деді облыс басшысы.
Жиын соңында облыс әкімі аудан әкімі мен басқарма басшыларына суармалы жерлерді игеру, ауыл, мал шаруашылық өнімдерін өндіру, егістік көлемін тиімді пайдалануды арттыру туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ондасын Уразалин: Потенциал Каргалинского района используется не в полной мере
В понедельник, 27 января аким области Ондасын Уразалин побывал с рабочей поездкой в Каргалинском районе и принял участие в отчётной встрече с населением.
На встрече также участвовали депутаты областного и районного маслихатов, руководители областных управлений, правоохранительных органов, жители, местные предприниматели.
Аким Каргалинского района Аскар Джусибалиев сделал подробный доклад об итогах социально-экономического развития района за 2019 год и поделился планами на 2020 год.
Ондасын Уразалин заслушал предложения и мнения жителей, присутствующих в зале. Глава региона отметил, что несмотря на большой потенциал, для достижения высоких результатов были использованы не все возможности.
Кроме того, был сделан ряд критических замечаний по исполнению поручений, озвученных на отчетной встрече в 2019 году, а также дано конкретное поручение наладить обратную связь с населением, оперативно реагируя на актуальные проблемы.
«Сегодня мы видим результаты сложившейся политической стабильности в стране, сплоченной работы. Проблемы, копившиеся не один год, не могут быть решены за один день. В районе проделана большая работа: это результат совместной работы акимата района с населением. Однако требования рынка меняются каждый день, необходимо работать в соответствии с ними, выпускать конкурентоспособную продукцию. Мы должны рационально использовать имеющиеся возможности и работать на благо страны», - подчеркнул аким области.
Кроме того, Ондасын Уразалин озвучил ряд вопросов, поступивших от жителей района на свою официальную страницу в социальной сети и поручил своевременно решать проблемы жителей.
«Все поднятые вопросы актуальны. Необходимо работать в соответствии с конкретным планом. Каргалинский район имеет прекрасную природу, очень удобную зону для развития туризма. Необходимо оказывать всестороннюю поддержку предпринимателям, работающим в сфере придорожного сервиса, иностранным инвесторам. Основным источником жизнедеятельности местного населения является сельскохозяйственная продукция. В этом направлении необходимо разработать конкретные планы и оказывать сельхозпроизводителям помощь», - сказал глава региона.
В завершение аким области поручил руководству района и руководителям управлений усилить работу по освоению орошаемых земель, производству сельскохозяйственной и животноводческой продукции, повышению эффективности использования посевных площадей.
Комментарии