Ақтөбе облысында Президенттік жастар кадр резервіне өткендер жаңа лауазымдарға тағайындалды
28 қаңтар, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Аймақ басшысы жиын барысында жаңадан тағайындалған бірнеше лауазым иелерін таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Айбек Көпенов, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы лауазымына ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен, Президенттік жастар кадр резервіне өткен Қайрат Райымқұлов тағайындалды. 35 жастағы Айбек Көпенов жоғары білімді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2017 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.
Қайрат Райымқұлов 1988 жылы туған. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Қазақ Гуманитарлық Заң Университеттерінің түлегі. Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған. Әр түрлі жылдар Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының бұйрығымен ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен Президенттік жастар кадр резерві қатарына алынған Адайбек Есенаманов Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Ол 1990 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының қаржы басқармасының нақты секторды қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып бастаған. Ақтөбе облысының қаржы басқармасының бөлімдерінде басшылық қызмет атқарды. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді. Президенттік жастар кадр резервіне өткен Әлібек Айдарбеков Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының бұйрығымен, ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 31 жастағы Әлібек Айдарбеков жоғары білімді, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры және магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. 2015 жылы Ақтөбе облысының қаржы басқармасының бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр түрлі жылдар бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын талдау, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік кірісті жоспарлау бөлімдерінің басшысы лауазымдарын атқарып келді.
«Ақтөбе өңірінен Президенттік жастар кадр резервіне 12 жас маман өтті. Бұл Республика бойынша жоғарғы көрсеткіш.
Тағы да төртеуі орталық атқарушы органдар тарапынан ұсыныстар алды. Білімі мен тәжірибесі бар жастарға берілген зор мүмкіндік екенін айта отырып, жаңа қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, артылған жүкті абыроймен атқарады деп сенемін»,-деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
В Актюбинской области на руководящие должности назначены представители Президентского кадрового резерва
Во вторник, 28 января, аким области Ондасын Уразалин представил новых руководителей. Распоряжением главы региона на должность руководителя управления внутренней политики Актюбинской области назначен Айбек Копенов.
35-летний Айбек Копенов окончил АГУ им.Жубанова по специальности «История, основы права и экономики». Трудовую деятельность начал в 2008 году ведущим специалистом областного департамента по защите прав детей. С ноября 2017 года по настоящее время занимал должность заместителя руководителя областного управления внутренней политики.
31-летний Кайрат Райымкулов, прошедший в Президентский молодежный кадровый резерв, по согласованию с Национальной комиссией по кадровой политике при Президенте РК назначен руководителем управления предпринимательства области.
Выпускник Казахского национального университета, Казахского гуманитарно-юридического университета им.Аль-Фараби начал трудовую деятельность в 2010 году ведущим специалистом управления финансов области. В разные годы работал руководителем отдела экономики и финансов города Актобе, руководителем аппарата акима города Актобе, заместителем руководителя управления финансов области. Занимал должность заместителя руководителя управления экономики и бюджетного планирования.
Приказом руководителя управления экономики и бюджетного планирования области по согласованию с Национальной комиссией по кадровой политике при Президенте РК 29-летний Адайбек Есенаманов назначен заместителем руководителя управления экономики и бюджетного планирования области.
Выпускник АГУ им.Жубанова. Трудовую деятельность начал в 2012 году главным специалистом отдела финансирования реального сектора управления финансов области, руководил отделами управления финансов, отделом инвестиционного планирования управления экономики и бюджетного планирования.
31-летний Алибек Айдарбеков, прошедший в Президентский кадровый резерв, по согласованию с Национальной комиссией по кадровой политике при Президенте РК назначен на должность заместителя руководителя управления финансов.
Выпускник ЕНУ им.Л. Н.Гумилева по специальности «бакалавр и магистр государственного и местного управления» в 2015 году начал работать главным специалистом отдела координации и анализа исполнения бюджета управления финансов. В разные годы руководил отделами местного самоуправления и планирования государственных доходов управления экономики и бюджетного планирования, анализа исполнения доходной части бюджета.
«В Президентский молодежный кадровый резерв прошли 12 актюбинских молодых специалистов. Еще четверо получили рекомендации со стороны центральных исполнительных органов. Это очень высокий показатель по республике», - подчеркнул Ондасын Уразалин, пожелав назначенцам успехов в работе.
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Комментарии