Ақтөбеліктер генерал-лейтенант Жансен Кереевті еске алды


1 қаңтар, сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен тұңғыш генерал- лейтенант Жансен Кереевті  еске алу шарасы өтті. Тарихи тұлғаның 90 жылдығына орай үйымдастырылған шараға  қала әкімі Мавр Аблуллин, Жансен Кереевтің інісі Амангелді Жұпаров,  Т. Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының  кусанттары т.б қонақтар қатысты.

Артында өшпес із қалдырған азаматтың рухына тағзым еткен облыс әкімі Оңдасын Оразалин және ҚР Қарулы күштері ардагерлері РҚБ Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Қажымұқан Сәтеновтың атынан гүл себеттері қойылды.

Бұдан соң, жиылған көпшілік генерал-лейтенантты бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Ақтөбе өңірінің тарихында өр тұлғалар аз болған жоқ.

Ұрпағы ұлағат тұтып, құрмет көрсетер азаматтардың бірі, бүкіл саналы ғұмырын Отан қорғау ісіне арнаған жандардың бірі - генерал-лейтенант Жансен Кереев ағамыз. 

Даңқты жерлесіміз Ойыл мен Бабатай өзендері қиылысқан Бабатай ауылында дүниеге келіп, кешегі кеңестік кезеңде әскери баспалдақтың биік сатысына шыққан танымал азамат. Бүгін туғанына 90 жыл толып отырған Жансен Кереев — КСРО заманында  қандастарымыздың арасынан оқ бойы озып шығып, алғашқы боп генерал-лейтенант атанған алып тұлға",-деді облыс әкімі.

Жансен Кереев қазақ ұлтының арасынан Бас штаб Әскери академиясын бірінші болып бітірген, М.Фрунзе атындағы Әскери академияны алтын медальмен тәмамдаған талантты командир. Кеңестер Одағының ірі әскери округінде штаб бастығы және әскери округ бастығының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Ол Қазақстанда әскери қызметте болған жоқ. Бірақ қай түкпірде, қай қиырда жүрсе де туған ауылына, өскен өлкеге жиі келіп тұрды. Дінмұхамед Қонаевпен достық байланысын үзбеген.


Актюбинцы почтили память генерал-лейтенанта Жансена Кереева


В среду, 1 января, с участием акима области Ондасына Уразалина состоялось мероприятие, посвященное памяти первого генерал-лейтенанта Жансена Кереева. В мероприятии приняли участие аким города Мавр Абдуллин, брат Жансена Кереева Амангелды Жупаров, курсанты Военного института Сил воздушной обороны им. Т. Бегельдинова и другие гости.

Аким области и председатель филиала РОО "Ветераны Вооруженных Сил РК" по Актюбинской области Кажымукан Сатенов возложили цветы к памятнику.

Затем собравшиеся почтили минутой молчания генерал-лейтенанта.

«Наш славный соотечественник родился в селе Бабатай, где пересекаются реки Ойыл и Бабатай. Жансен Кереев посвятил всю свою жизнь защите Отечества. Он достиг больших высот в военной иерархии. Служба его всегда проходила вдали от Казахстана, но до последних дней своих он сохранил любовь к малой родине», - сказал глава региона.

Жансен Кереев - талантливый полководец, окончивший Военную академию имени Фрунзе с золотой медалью. Ему было присвоено звание начальника штаба и первого заместителя начальника военного округа в крупнейшем военном округе Советского Союза.

Динмухамед Кунаев поддерживал дружеские отношения с Жансеном Кереевым.

--

Құрметпен,

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі