Жаңа жылдың алғашқы күні облыс әкімі 100 жасқа толған әжейді құттықтады
1- қаңтар күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 100 жасқа толған ақтөбелік Алуа Ержанованың шаңырағында болды. Ғасыр жасаған қарияның туған күнімен құттықтап ыстық ықыласын жеткізді.
"Жаңа жылдың алғашқы күні толған 100 жасыңызбен құттықтаймын. 21 немере, 45 шөбере 1 шөпшегіңіздің ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешіп отырған сіздей аяулы жанды ең бақытты адам деп айтар едім, сіздің өмір жолыңыз қазіргі жастарға үлгі боларлық",- деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі Алуа Ержановаға ықылас гүлін, Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне мерекелік медалін табыстады.
100 жасқа толған әже туған жері Жаңажұрт ауылында ауылшаруашылық саласында еңбек еткен. 1941-1945 жылдардағы еңбек майданының ардагері.
Ұлы Отан Соғыс жылдарынан кейін Ақырап орта мектебінде кіші қызметкер ретінде жұмыс атқарып, сол мекемеден еңбегі еленіп, зейнеткерлікке шыққан.
Жолдасы Ержанов Мұқан 1911 жылы дүниеге келген. 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Ұлы Отан Соғыс ардагері атанды. 1965 жылы дүниеден өткен. Ержановтар отбасы 6 баланы дүниеге әкеліп, қазіргі таңда 4 баладан (2 баласы қайтыс болған) 21 немере, 45 шөбере, 1 шөпшек тәрбиелеуде.
В первый день Нового года Ондасын Уразалин поздравил долгожительницу со 100-летием
1 января аким Актюбинской области Ондасын Уразалин посетил семью актюбинки Алуа Ержановой, которой сегодня исполнилось 100 лет.
Глава региона поздравил долгожительницу со значимым событием.
«Ваша жизнь является хорошим примером для молодёжи. Вы счастливый человек, который живет в окружении 21 внука, 45 правнуков и 1 праправнука», - сказал аким области.
Ондасын Уразалин вручил Алуа Ержановой подарок, юбилейную медаль в честь 150-летия Актобе.
Она работала в сельскохозяйственной отрасли в родном селе Жанажурт. Ветеран трудового фронта.
После Великой Отечественной войны работала младшим работником в средней школе в пос. Акыраб, оттуда вышла на заслуженный отдых.
Супруг Мукан Ержанов родился в 1911 году. Участвовал в ВОВ, скончался в 1965 году.
Супруги воспитали 6 детей, 21 внука, 45 правнуков и 1 праправнука.
--
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Комментарии