Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бизнесті ауыл шаруашылығы мақсатындағы орында балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босату бойынша нормалар қабылданады. Жалпы 2021 жылы біз қолданыстағы заңнамаға балық өсіру шаруашылықтарын салу рәсімдерін жеңілдету, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өтуді болдырмау бөлігінде өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде балық тоғандарын орналастыру – жергілікті атқарушы органмен келісілген эскиздік жобалар бойынша жүзеге асырылады. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, осы түзетулердің барлығы балық өсіру кезінде табиғи артықшылықтарды тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға және өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Балық шаруашылығы туралы заңға инвесторларды ынталандыратын нормалар енгізілмек
2020-12-29 08:20:13
Последние новости
29.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ
29.12.2020
Гороскоп на 29 декабря