Қазақстанда биыл жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 390 мың адам қамтылды. Оның ішінде 730 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы, Еңбек және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың қоса алғанда жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 390 мың адам қамтылды. Оның ішінде 730 мыңы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың жағдай да бақылауда. Осы жылы ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40 пайызға қысқартылды. Осы жылдың 1 желтоқсаны бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 600 шетелдік азамат 1700 кәсіпорында жұмыс істейді. Ондағы жергілікті қамту үлесі 96 пайызды құрайды», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары шетелдік жұмыскерлер тартылған кәсіпорындарға 71 тексеру жүргізіп, онда 608 заңбұзушылық анықталып жойылған. Сонымен қатар биыл Еңбек кодексіне жұмыс берушілерге жұмысшылар үшін тең өндірістік және тұрмыстық жағдайларда ешбір кемсітусіз қамтамасыз етуді міндеттеу жөнінде толықтырулар енгізілген.
Қазақстанда биыл жұмыспен қамту шараларына 1 млн 390 мың адам тартылды
2020-12-29 08:20:13
Последние новости
29.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ
29.12.2020
Гороскоп на 29 декабря