Зейнатақы қорындағы ақшаның бір бөлігін шешу қалай жүзеге асырылатынын бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қоры» АҚ басқармасының төрағасы Жанат Құрманов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, азамат зейнатақы қорындағы ақшаның бір бөлігін шешу үшін заң бойынша белгіленген санатқа жататындығын анықтау қажет. Ол үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қоры» АҚ сайтынан, Электрондық үкімет және қордың мобильдік қосымшасы арқылы зейнатақы жинақтары туралы ақпаратты біле алады. Басқарма төрғасы тұрғындарды эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәліметтерді онлайн режимінде алуға шақырды.
Заң бойынша зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу мен жеке компанияларға басқаруға беріледі. Азаматтар алдымен жинақтарын қандай мақсатқа жұмсайтынын анықтап алып, соны жүзеге асыратын операторға жүгінеді. Мысалы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында қолданатын болса «Отбасы» банкіне барады. Банк клиенттің зейнатқы жинақтары талапқа сай келсе, бізге хабарлама жібереді. Жинақ туралы мәліметті қор тағы бір мәрте тексеріп, 5 жұмыс күн ішінде банкке аударым жасайды, - деді ол.
Сондай-ақ Жанат Құрманов, тұрығындардың аударым кезінде салық төлемдерін ұстау тәсілдерін өздері таңдайтындарын атап өтті.
Зейнетақы қорындағы ақша қанша уақытта аударылады?
2020-12-28 16:20:13