Қазақстанда ресейлік ҰАҚ ұйымы жұмыс істей ме?

2020-12-25 16:20:15
Қазақстанда ресейлік ҰАҚ ұйымы жұмыс істемейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мәлім етті.

«Шындығында, мұндай ұйым жоқ. Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекен жай бойынша және жалпы, елорда аумағында «ҰАҚ» деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Ұйымды «Ресей Қазақстанға жерін сыйға тартты» деген селейлік Федоров басқарып отыр деген ақпарат тараған болатын. Айта кетейік, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰАҚ ұйымының бар екендігі туралы жазып, дабыл қаққан болатын.

Тайжанның мәліметінше, ақпаратқа сәйкес, оның басшысы Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров. Пайдаланушылардың айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерін қабылдауда.


Дереккөз: azattyq-ruhy.kz