Жаңа танысымен қонақүйде кездесу өткізген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны сан соғып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ер адам интернетте 54 жастағы елорда тұрғынымен кездескен. Жұп қонақүйде кездесу ұйымдастырып, алкогольді ішімдік ішкен. Әйел жаңа танысының ұйықтағанын күтіп, телефон арқылы оның шотынан өзінің шотына 115 мың теңге аударып алған. Ер адам оянған кезде әйел де, ақша да болмаған, ол полицияға арызданды.
Ұсталған әйел кінәсін мойындап, ақшаны қайтарып берді. Тергеу жүргізілуде, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Екінші жағдайда да әлеуметтік желіде танысқан қыз бен ер адам қонақ үйлердің бірінде кездескен. Ер адам қыздың ұйықтап қалғанын пайдаланып, оның 70 мың теңге тұратын Samsung телефонын ұрлап кеткен.
Полиция күдіктіні анықтады, ол 38 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыссыз тұрғыны болып шықты, күдікті кінәсін мойындады. Телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Полиция азаматтардан қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.
Ұйықтатып кеткен: Нұр-Сұлтанда бір-біріне ұқсас екі қылмыс жасалды
2020-12-25 16:20:15
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85468-yytatyp-ketken-nr-sltanda-br-brne-sas-ek-ylmys-zhasaldy.html#
Последние новости
25.12.2020
Сабина Алтынбекова вышла замуж