Щучинскідегі балабақшада баланы қорлаған тәрбиешінің видеосы тарады

2020-12-24 08:20:13
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы балабақшалардың бірінде болған жағдай видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .


Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінде тәрбиешінің баланың орындығын тартып алғаны, ал тағы бір видеода баланың көрпесін тартып алып кетіп бара жатқаны көрінеді.

Ақмола облысының Білім басқармасы бұл оқиға Щучинск қаласындағы жекеменшік балабақшада болғанын айтты.


"Осы дерек бойынша тексеру жүргізіледі. Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Тексеру қорытындысы бойынша қажет шешім қабылданады", - деді білім басқармасындағылар.