Петропавлда сырғанақ теуіп жүріп ағашқа соғылған әйел бір апта комада жатып, бүгін таңертең көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы әйел жарақат алғаннан кейін бірден облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген еді. Комаға түскен ол бір апта есін жимастан жатты.
Бассүйек жарақатын алған әйелге екі рет ота жасалды. Өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен бүгін жарақат алған әйел таңғы сағат 6.59-да қайтыс болды.
Оқиға Петропавлда мереке күндері болды. Борки кентіндегі шаңғы базасына әйел сырғанақ тебуге барған.
Оның тюбингі ағашқа соғылып, әйел қатты жарақат алған еді.
Петропавлдағы Борки кенті шаңғы базасындағы сырғанақ арнайы жарақтандырылмаған. Соған қарамастан мұнда қала тұрғындары отбасымен демалуға келетін. Осы оқиғадан кейін сырғанақ жабылды.
Петропавлда сырғанақ теуіп жарақат алған әйел көз жұмды
2020-12-24 08:20:13
Последние новости
24.12.2020
Чем нас кормит «Макдональдс»
24.12.2020
Гороскоп на 24 декабря