Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде 40 мыңнан аса тауық қырылып қалды

2020-12-23 16:20:13
Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде ауа жетіспеуі салдарынан 41 мың тауық қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Ұйғыр ауданындағы "Otan Green Food" ЖШС құс фабрикасында болған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, фабрикада жабдық істен шыққан. Салдарынан тауықтар қырылған.

"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шыққан. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген. Салдарынан бөлмедегі температура көтеріліп, оттегі азайған. Бұл деректі кәсіпорынның мал дәрігерлік қызметі растады", - делінген Ұйғыр ауданының әкімдігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдік фабрикада құс тұмауын анықтау бойынша жұмыс жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Ескерту! Видео 18 жасқа толмағандарға және жүкті әйелдерге, жүрегі нашар адамдарға көруге болмайды!