ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов қазақстандық шенеуніктердің жақын туыстарының шетелде банк шоттарын ашуға неге тыйым салынбағанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ешкімге, оның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын адамдарға да мүлде тыйым салмайтын елдер (есепшот ашуға) бар. Ал бір елдерде шенеуніктің өзіне де және оның отбасы мүшелеріне де шетелден шот ашуға түбегейлі тыйым салынған (яғни, шетелде есепшоттары болуы мүмкін емес). Біз нарықтық экономика кезеңінде өмір сүреміз және жұмыс істейміз, отбасы мүшелері мен шенеуніктердің жұбайлары, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлікпен және басқа да қызметпен айналысуы мүмкін. Мүмкін шетелге жиі саяхаттау керек болады. Егер біз оларға тыйым салатын болсақ, онда біздің азаматтарға қатаң шектеулер қойылады. Өмір бір орында тұрмайды, біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз, құқық қолдану практикасы бұл норманың қалай жұмыс істейтінін әлі анықтайды, - деді Олжас Бектенов ОКҚ брифингінде.
Мәжіліс депутаты Василий Олейник мемлекеттік қызметкерге немесе басқа лауазымды адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде барлық мән-жайлар нақтыланатындығын да қосты. Егер ақшаның заңсыз алынғандығы дәлелденсе, онда есепшоттары мен жақын туыстарының да есепшоттары автоматты түрде бұғатталады.
10 желтоқсанда Сенат қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түзетулер қабылдады. Осы заң жобасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің, депутаттардың және судьялардың бұдан былай шетелде есепшоттар ашуына тыйым салынады, бірақ бұл тыйым олардың жақын туыстарына қолданылмайды.
20 желтоқсанда Заңға Мемлекет басшысы қол қойды.
Неліктен шенеуніктердің әйелдері мен балаларына шетелден шот ашуға тыйым салынбайды
2020-12-21 16:20:18
Последние новости
21.12.2020
ШҚО-да пәтерден 3 ер адамның денесі табылды