Қызылорданың сауда нүктелеріндегі тауық еті жойылатын болды

2020-12-21 08:20:16
Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Ресейден әкелінген балапан бройлердің жіліншігі мен төс етінің жарамсыздығын анықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылардың пікірінше, ендігі жерде құны 600 мың теңгеден асатын тауарлар жойылады.

"Зерттеулердің нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша облыстағы 32 сауда нысанына заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді", – дейді санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда өнімнің қайда өндірілгені мен оған қатысты өзге де мәліметтермен сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі сайтынан танысуға болады.


Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде түрлі тауарлардан 1 851 сынама алынса, соның 111-і тиісті талаптарға сай болмай шыққан. Оның 98-і тамақ өнімдеріне қатысты. Мамандар көбіне құс еті мен ет өнімдерінен, алкогольдік сусындар және кондитерлік өнімдерден олқылықтар шығатынын алға тартады.



 

Последние новости

21.12.2020
2021 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді
21.12.2020
Сельчанина осудили за незаконное открытие игорного заведения в Кызылординской области
21.12.2020
Женщина прокатилась на горке и сломала позвоночник в Карагандинской области
21.12.2020
Табиғатты пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіруге міндетті – министр
21.12.2020
Владельца ресторана оштрафовали за организацию свадьбы в Рудном
21.12.2020
Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды
21.12.2020
Көкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды
21.12.2020
Попытка изнасилования в Шымкенте: врачи рассказали о состоянии женщины